Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Танымал тұлғаның тағдыры

11.04.2021, 11:00 428

HALYQLINE.KZ  «Мәскеудің бір мектебінде бір бала сабаққа келуін тоқтатты.

Бір апта өтті, екі апта… Бала жоқ.

Ол баланың телефоны да жоқ болатын, мұғалімдерінің айтуымен сыныптастары оның халін үйіне барып білуге шешті.

Есікті баланың Анасы ашты, тым жабырқап, көңілсіз жүргені көрініп тұр. Балалар сәл кідіріп:

– Біздің досымыз неге сабақта жоқ? – деп сұрады.

– Ол енді сендермен оқи алмайды, оған сәтсіз ота жасалып, екі көзі де су қараңғы соқыр болып қалды, – деді анасы көзіне жас үйіріле.

Сәл үнсіздіктен соң балалар:

– Біз оны кезекпен мектепке жетектеп апарамыз.

– Әкелеміз.

– Сабағын жасауға да көмек қыламыз, – деп жамыраса жөнелді.

Көңілі босаған анасы баласының достарын бөлмесіне ерте кірді. Қолымен ауаны қармаған зағип достарын көргенде ғана балалар жағдайдың қиындығын сезіп, сілтідей тынды.

Тыныштықты «Сәлем. Қалайсыңдар?» деген зағип баланың даусы бұзды.

Осы кезде балалар:

– Мен математика үйретемін..
– Мен тарих… – деп шуласа жөнелді.

Әп-сәтте күнделікті сабаққа әкелу/әкету кестесі құрылып, кім қандай пәннен көмектесетіні анықталды.

Бір қызығы зағип болып қалған бала бұрынғысынан да жақсы оқи бастады. Ең тамашасы оған сабақ түсіндіреміз деп жұмыла кіріскен бүкіл сыныптың оқу үлгерімі жақсарды.

Зағип бала мектепті алтын медальмен бітірді. Институтта да қолғабыс етіп, оның көзіне айналған адамдар көптеп кездесті. Зағип оқушыдан зағип студентке айналған бала институттан соң да оқуын тоқтатпады. Еш кедергілерге қарамастан іздене беген зағип бала – аты аңызға айналған, ХХ ғасырдың белгілі математигі, академик Лев Семёнович Портнягин болатын.

Бұл академиктің қалыптасуына қолтаңбасын қалдырған адамдардың саны жоқ еді….»

Жақсы адамдар өте көп айналамызда.

Борис Ганго,

«Балаларға сенім туралы», аударма

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: