Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Біз білмейтін қызықтар…

05.07.2022, 10:00 369

Хайуанаттардың біз білмейтін қырлары жетіп артылады. Мысалы, қоян мен тотықұс мойнын бұрмай-ақ арт жағын көре алады. Өйткені тотықұстың көзі  360 градусқа бұрылады. Ал қоянның көру мен есту қабілеті өте жақсы дамыған.

Жер бетіндегі ең алғашқы акулалар осыдан 400 млн жыл бұрын пайда болған. «Акула» деген ағылшын сөзі тілдігіне айналымға ең алғаш 1569 жылы енген екен. Ал оған дейін ағылшын балықшылары бұл жыртқыш балықты «Теңіз қасқыры» деп атаған. Ғалымдардың зерттеуінше, акулалар мүлде ауырмайтын көрінеді. Себебі акула қанының құрамында ауру бактериялары мен түрлі вирустарға қарсы тұратын андиденелер көп болады. Ең кішкентай акуланың ұзындығы 15 см ғана болса, ең үлкенінің ұзындығы 12 метрге дейін жетеді. Ең қызығы, акулалар ешқашан ұйықтамайтын көрінеді.

 Кит – әлемдегі ең ірі сүтқоректі. Оның салмағы 200 тоннаға дейін жетеді. Бұл шамамен алғанда 8 ұшақтың немесе 15 автобустың салмағына пара-пар. Кит теңіз суын ішпейді. Өзіне қажетті суды қорегінен алады. Шын мәнісінде, киттің аузына шамамен 100 адам еркін сыйып кетеді. Бір қызығы, киттің көру және иіс сезу қабілеті нашар дамыған. Сол себепті, олар тек есту қабілеті арқылы жолын бағдарлап, азығын тауып отырады.

Құмырсқа жер бетінде динозаврлармен қатар пайда болған деседі. Қазірдің өзінде бұл жәндіктің 12 мыңнан аса түрі тіршілік етеді. Олардың ең ірісі 5 см болса, ең кішкентайының денесі 2 миллиметр ғана болады екен. Ең қызығы бұлардың  2 асқазаны бар. Оның бірі ас қорыту үшін болса, екіншісі қойма қызметін атқарады екен. Яғни, өзге аш қалған құмырсқаны кездестірсе, екінші асқазанындағы тамақпен бөлісетін көрінеді. Сонымен қоса, құмырсқалар мекендейтін жерін дауыс беру арқылы таңдайды екен.

Дельфиндер тек қана балалармен  емес ересектермен де ойнағанды жақсы көреді. Сондықтан көңілді жүретін сүтқоректілердің қан қысымы қалыпты болады. Сонымен қатар, дельфиндер ұйықтағанда бір көзін ашып тынығады. Бұл олардың жыртқыштардан қорғану тәсілі екен. Ал керіктердің қан қысымы жоғары болады. Себебі керіктердің жүрегі үлкен болғандықтан, минутына 60 литр қан айналдырады екен.

Жер бетіндегі тұңғыш қолтырауындар шамамен 250 млн жыл бұрын пайда болған. Ең алып теңіз қолтырауыны Австралияның солтүстігі мен Фиджа аралын мекендейді. Оның ұзындығы – 7 метр, ал салмағы – 1 тонна. Екі метр биіктікке секіре алатын жыртқыштың кейбір түрлері 100 жылға дейін өмір сүретін көрінеді. Ең қызығы қолтырауын күн көзіне шыққанда денесіндегі артық жылуды сыртқа шығару үшін ауызын ашып жатады екен. Бірақ қолтырауын тілін шығара алмайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: