Белгілі психолог, қоғам белсендісі Құралай Серікқызы продюсер, әнші Мөлдір Мұқанованың “Шай в большом городе” киносын сынағандарға тредс әлеуметтік желісінде жауап берді.
– Мөлдірдің киносынан шықтым. Сынап жатқандарға айтарым Индияның басы қылтылдаған Анандиін, дыш-дыш етіп ұрғанда өтірік құлап жататын кадрларды көргенде неге осылай сынамадыңдар?! Қай қазақ болмасын тыпырлап шамасы жеткенше еңбектеніп жатқанын көру маған мақтаныш. Қолынан түк келмейтін, бітірген дымы жоқ, сыншы “диванбатырлар” отанымды жемей, 3000 теңгеге зарламай, барып қолдаңдар Мөлдірді, – деп жазды ол.
Психологтың бұл жазбасына әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі Құрлай ханымның айтқаны дұрыс десе енді бірі бұрыс деп санады.
– Қасиетті, киелі Отан сөзін мына “психолог” қай жерге апарып тастады? Ұнамаған киносын көргісі келмейтін көзі ашық қауымды неге “диванбатырларға” теңейді бұл? Дікеңдеп сөйлейтіндей халыққа не өткізіп қойғаны бар?
– Киноға қолдау көрсету деген қалай? Ұнамасада бару керек пе сонда? Онда киноның ешқандай құндылығы болмайды ғой.
– Өткір тілім бар екен деп оңды-солды сөйлей беруге болмайды. Қасиетті ұғымның қадірін кетірмеңдер.
– Нағыз королевалар ғана бір- бірінің тәжін дұрыстайды деуші ма еді? Жаса қазақ қыздары.
– Шетелдің мән-мағынасы жоқ атыс-шабыс, ұру, тонау сияқты толып жатқан миға қонымсыз кинолары толып жүр. Оларға үн қатпай, қазақтың бір анасы талпынған екен деп үнсіз қолдамай шабуылдап жатқандар өздері отырған бұтақты кесіп жатырмыз деп ойламайтын сияқты.
– Біраз әйелдердің ойындағы жазба деп ойлаймын. Көп әйелдерге осындай батылдық жетіспейді. Қазаққа қазақ ғана жау. Жан-жақтан төпей бермей қолдау көрсететін уақыт келді, – деді желі қолданушылары.
Фото: instagram.com/quralai_hanum
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!