Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде “Нұр Иман” мешітінің жаңа ғимараты ашылды

24.11.2025, 0:35 769

Шиелі ауданында «Нұр иман» мешітінің жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Ел руханияты үшін маңызды шараға Қызылорда облысының бас имамы Дастан Құрманбаев арнайы қатысып, жаңа мешіттің ел игілігіне қызмет етуін тілеп, құттықтау сөз сөйледі.

Салтанатты жиында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, Шиелі ауданының құрметті азаматтары Рақым Мауияұлы мен Насырбек Аябекұлы да сөз алып, жаңа мешіттің ашылуымен жиналғандарды құттықтады.

Мешіттің құрылысына үлес қосқан бірқатар азаматтарға бас имамның атынан Алғыс хат табысталды. Рәсім барысында лента қиылып, қонақтар жаңа ғимараттың ішкі көрінісімен танысты. Арнайы Құран оқылып, ата-баба рухына бағышталды.

Шара соңында 700 адамға арналған дастархан ұйымдастырылып, ас берілді.

Айта кетейік, мешіт құрылысы 2022 жылы басталып, биыл толық аяқталып, халық игілігіне берілді. 400 адамға лайықталған ғимаратта ерлер және әйелдер намаз залдары, неке қию бөлмесі, қызметкерге арналған кабинет қарастырылған. Мешіт мұнарасының биіктігі – 8,5 метр, күмбездің диаметрі – 7 метр. Басты аспалы шамның диаметрі – 2 метр. Сонымен қатар жанынан заманауи үлгідегі дәретханасы да салынған. Ғимараттың бой көтеруіне Құлахметовтер әулеті демеушілік көрсетті.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: