Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Келесі жылы Ораза қашан басталады

06.11.2025, 15:30 198

HALYQLINE.KZ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Бұл туралы мүфтияттың ресми сайты хабарлайды.

«Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды.

Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді», — делінген ҚМДБ хабарламасында.

Кестеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 2026 жылғы 19 ақпанда басталады. Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге түсіп тұр.

Ал Ораза айт – 20 наурызға, Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға сәйкес келіп отыр.

Фото: kz.kursiv.media

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: