Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Скрининг жұмысы жүргізілуде

11.10.2025, 12:01 131

 "Қазақстан атеросклероз қоғамы" республикалық қоғамдық бірлестігінің негізінде 6-15 қазан күндері Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов атындағы ауыл аумағында "Қан айналым жүйесі ауруларын мобильді скринингтеу және диагностикалау" әлеуметтік маңызы бар жоба аясында ересек тұрғындар арасында жүрек қан тамыр ауруларының қауіп факторларына кешенді скринингтен өткiзу жұмыстары жүргізілуде. 

Ауыл тұрғындарынан 5 көрсеткіш бойынша қан талдауы (холестерин, гликозированный гемоглобин, мочевина, триглицерид , липопротеид ) алынып, нұсқаулықтар берілуде.

 Аталмыш шара барысында сондай-ақ антропометриялық

өлшемдер (бой, салмақ, дене салмағының индексі), артериялық
қысымды өлшеу және өмір салты мен тұқым қуалаушылық факторларын анықтауға арналған сауалнама алу қарастырылған.

 Тексерiлуге келген ауыл тұрғындарының 354-і скринингтік зерттеуден өтсе, одан бөлек әр тұрғынға "Денсаулық паспорты" тағайындалумен қатар, қауіп факторлары бар тұлғаларға екі жыл көлемінде бақылауда болатындығы түсіндірiлуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: