Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2025 жылғы ерлер арасындағы Elite әлем чемпионатының өтетінін ресми түрде жариялады.
Ұйымдастырушылар 2-13 желтоқсан аралығында Дубайды «әлемдік бокстың астанасына» айналдыруды көздеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әлем чемпионаты екі аптаға созылатын ауқымды Festival of Boxing спорт мерекесінің басты оқиғасы Tennis Stadium аренасында өтеді.
Басты ерекшелігі, дүбірлі додаға жалпы 8 миллион доллар жүлде қоры тігіліп отыр. Әр салмақта атой салғандар 300 мың долларды қалтаға басады. Бұл – әуесқой бокс тарихындағы ең қомақты жүлде қоры.
IBA президенті Умар Кремлевтің сөзінше, рекордтық жүлде қоры ұйымның боксшыларды қолдауға, жаттықтырушылар мен ұлттық федерациялардың еңбегін бағалауға деген айқын ұстанымын көрсетеді.
– Бұл чемпионат – тек рекордтар мен жүлделер туралы емес, ең алдымен әрбір боксшыға, әрбір жаттықтырушы мен ұлттық федерацияға лайықты құрмет көрсету, – деп түсіндірді Кремлев.
Жүлде қоры:
I орын – 300 000 доллар;
II орын – 150 000 доллар;
III орын – 75 000 доллар;
Ширек финалға жеткен боксшылар – 10 000 доллар.
Әр сыйақының 50%-ы боксшыға, 25%-ы бапкерлерге, 25%-ы ұлттық федерацияға берілмек.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!