Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда — Жалағаш бағытында веломарафон өтті

29.09.2025, 4:05 162

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы және Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына арналған Қызылорда қаласынан бастау алған веломарафон Жалағаш ауданының орталық стадионында салтанатты түрде қорытындыланды.

Веломарафон «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда облыстық прокуратурасының ұйымдастыруымен өткізілді.

Сөреде қатысушылар мен жеңімпаздарды Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров құттықтап, оларға арнайы медальдар мен дипломдар табыс етті.

Марафонның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа баулу және құқықтық мәдениетті арттыру болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: