Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Газ тұтынушылардың назарына!

15.09.2025, 10:00 188

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы газ тарату желілерінде жөндеу-профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 17 қыркүйек күні сағат 08:00-ден бастап 18 қыркүйек сағат 20:00-ге дейін Қызылорда қаласының темір жолдың арғы бетіндегі бөлігінде орналасқан (қоса берілген сызбаға сәйкес Шанхай, КБИ және Әл-Фараби шағын аудандары) жеке тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлердің, сондай-ақ өнеркәсіптік және коммерциялық-тұрмыстық нысандардың тұтынушыларына табиғи газ беру уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.

Газ беру уақытша тоқтатылған кезеңде газ жабдықтарының алдындағы крандарды жабуыңызды және 2025 жылғы 18 қыркүйек күні сағат 18:00-ден бастап «QazaqGaz Aimaq» АҚ қызметкерлеріне газ беру үшін үй-жайларға кіруге мүмкіндік беруіңізді сұраймыз.

Газдың иісі шығуы анықталған жағдайда 104 телефонына қоңырау шалыңыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: