Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәжілісте маңызды мәселелер талқыланды

04.09.2025, 15:50 285

Жаңақорған ауданының әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен кезекті мәжіліс өтті. Күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды: күзгі егін жинау, жылу беру маусымына дайындық және жаңа оқу жылындағы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Аудан басшысы тұрғындар мен әлеуметтік нысандарға арналған көмір мен сұйық отынның операторлар арқылы ауданымызға уақтылы жеткізілуін, сондай-ақ табиғи газ бен электр қуатының үздіксіз берілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Ауыл әкімдеріне көмір тасымалы бойынша халықты әлеуметтік желіде ақпараттандыру және тұрғындардың қажетті көмірлерін осы кезден тасып алуын ұйымдастыру міндеттелді.

Егін жинау науқанын тиімді ұйымдастырып, ауыл шаруашылығы техникаларын толық пайдалана отырып, өнімді ысырапсыз жинап алуды тапсырды.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Нариман Жакудаевқа мектеп автобустарының техникалық жағдайын бақылау, жүргізушілердің жол ережесін сақтауын қадағалау және аудандық полиция бөлімімен бірлескен рейдтерді тұрақты өткізу жүктелді.

Мәжіліс қорытындысында тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Жаңақорған

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: