Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жәрдемақы беру тоқтатылады

02.09.2025, 17:30 214

Тұрмысы жақсы көпбалалы отбасылар бұдан былай қосымша қолдау шараларын ала алмайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова осылай деп мәлімдеді.

Бұл туралы halyqline.kz тілшісі Stan.kzақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.


«Отбасы мүшелерінің жан басына шаққандағы табысы 4 ең төменгі күнкөріс деңгейінен асса, яғни, әр адамға шаққанда 200 мың теңгеден артық болса, бұл тұрмыс деңгейі жақсы отбасы болып саналады. Мысалы, 10 адамнан тұратын отбасы жалпы 2 миллион теңге табыс тапса, екі және одан да көп жылжымайтын мүлкі, екі және одан да көп автокөлігі болса, бұл санаттағы отбасылар, көпбалалы мәртебесіне қарамастан, қосымша қолдау шараларын ала алмайды», – деді Светлана Жақыпова Парламенттің бірлескен отырысынан кейін кулуарда. Сондай-ақ министр кейбір төлемдер сақталатынын айтты.

«Жалпы көпбалалы ана мәртебесіне байланысты төленетін барлық төлем сол күйінде сақталады, бұрынғыдай ала береді. Мәселен, 10 баласы бар көпбалалы отбасыға берілетін ай сайынғы төлем 120 мың теңгеден астам, яғни әр балаға 15 мың теңге алуды жалғастырады», – деп түсіндірді ведомство басшысы.

Фото: istockphoto.com

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: