Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кімдер паспорт пен куәлікті тегін рәсімдей алады?

28.08.2025, 16:01 240

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2025 жылғы 28 тамызда кейбір қазақстандықтардың құжаттарды тегін рәсімдей алатынын еске салды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.

Корпорация дерегінше, көпбалалы аналар – «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, сондай-ақ «Батыр ана» атағын алған әйелдерге паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Сонымен қатар жеке куәлік алу кезінде мемлекеттік баж төлеуден мына санаттағы азаматтар босатылады:

Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері;

Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен марапатталғандар, сондай-ақ «Алтын Қыран», «Отан» ордендерінің иегерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек ері» атағына ие болғандар;

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілгендер, сонымен бірге КСРО ордендері мен медальдарымен марапатталған тыл еңбеккерлері;
1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен), бірақ марапатталмаған тыл еңбеккерлері;
Мүгедектер және бала кезінен мүгедек азаматтың ата-анасының бірі;

Қарттар үйі мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қариялар;

Мемлекет қамқорлығындағы балалар үйлерінде және интернаттарда тәрбиеленіп жатқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Чернобыль апатынан зардап шеккендер.

Фото:
©El.kz/Мәди Ысқақов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: