Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Біз білмейтін қызықтар…

09.08.2025, 8:00 252

HALYQLINE.KZ

Әлемде біз білмейтін қызықтар жетерлік. Сан алуан қызықты деректерді білген артық етпесі анық. Кейде бір ғана мәлімет адамның дүниетанымын кеңейтіп, жаңа қызығушылықтың оянуына себеп болады.  Мәселен, бал аралары бір грамм бал жасау үшін шамамен 8 мың гүлге қонатынын білесіз бе?

Тағы бір қызықты деректер – қар ұшқынының әрқайсысы қайталанбас пішінде болады. Екі бірдей қар ұшқынын табу мүмкін емес екен.

Ал саусақ ізі сияқты, тіл ізі де әр адамда әртүрлі әрі ерекше болады.

Құмырсқалар ешқашан ұйықтамайды. Олар үнемі қозғалыста жүріп, қысқа-қысқа демалып отырады. Сондықтан құмырсқалар жұмысқа деген табандылығымен танымал.

Ал балықтардың кейбіреуі су астында ұйықтайтын көрінеді. Олар қабақтарының болмауынан көздерін жұма алмайды. Сонымен қатар, балықтар да бір-бірімен сөйлесе алады. Олар көбіне дыбысты дене мүшелерін немесе жүзбе қанаттарын қозғалту арқылы шығарады.

Тасбақалар көзімен артқа қарай тыныс ала алады. Кейбір түрлерінің артқы тесіктерінде тыныс алуға көмектесетін ерекше мүшелері бар. Сондай-ақ, тасбақалар артқа жүре алмайды. Өйткені олардың панцирі қозғалысқа кедергі келтіреді.

Адам  денесіндегі бактериялар саны адам жасушаларынан 10 есе көп. Бірақ олардың көбі пайдалы болып келеді. Адам күлгенде 17 бұлшықет, ашуланғанда 43 бұлшықет жұмыс істейді. Сондықтан жиі күлу – пайдалы әрі «жеңіл жұмыс».

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: