Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Санитарлық талапты бұзғандарға шара көрілуде

26.07.2025, 5:28 141

Қала әкімдігі жанындағы мобильді топ меншік нысанына қарамастан, барлық тұрғындар мен кәсіпкерлердің жер учаскесі мен нысандардың айналасын таза ұстауын қадағалау бойынша рейд жүргізуде.

Мобильді топ мүшелері Мұстафа Шоқай көшесінің бойына құрылыс материалдарын орналастырған тұрғындарға әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салды.

Айта кету керек, Қызылорда облысы мәслихатының 2024 жылғы 25 шілдедегі №112 қаулысына сәйкес, барлық жеке және заңды тұлғалар үшін облыс аумағында абаттандыру қағидалары бекітілген.

Қағида талаптары:
Әрбір тұрғын немесе кәсіпкер өз үйі мен нысанына іргелес аумақтың тазалығын қамтамасыз етуге міндетті. Іргелес аумақ – үй алдындағы тротуар, жол жиегі, гүлзар, қоршау маңы сияқты жерлерді қамтиды;
Бұл аумақтарда қоқыс тастауға, құрылыс қалдықтарын жинауға немесе санитарлық нормаларды бұзуға қатаң тыйым салынады.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес, тазалық талаптарын сақтамаған азаматтарға ескерту немесе айыппұл қарастырылған.
Сондай-ақ, үйге жапсарлас 5 метр радиустағы жердің тазалығы да меншік иесініңжауапкершілігіне кіреді.

Тазалық – ортақ міндет!
Әр тұрғынды өз ауласы мен көшесін таза ұстауға үлес қосуға шақырамыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: