Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тілші диктофондарын футбол добына алмастырып…

30.06.2025, 18:00 157

HALYQLINE.KZ

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні аясында Шиелі ауданында ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Ақпарат майталмандары бір сәтке тілші диктофондарын футбол добына алмастырып, шағын футболдан өткен облыстық турнирде бас қосты.

Жарыс Шиелі кентіндегі денешынықтыру-сауықтыру кешенінде өтті. Турнирге облыстың әр түкпірінен келген БАҚ өкілдері қатысып, саламатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, достық пен әріптестік қарым-қатынасты нығайтты.

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков құттықтау сөз сөйлеп, ақпарат кеңістігінде тынымсыз еңбек етіп жүрген журналистер қауымына өз ризашылығын білдіріп, шығармашылық табыс пен жеңіс тіледі.

«Сіздердің қаламдарыңыз – қоғамның айнасы. Халық пен билік арасындағы алтын көпір болып, адалдықпен ақпарат таратып жүргендеріңіз құрметке лайық», — деді аудан басшысы.

Тартысқа толы додада әр команда намысты қолдан бермей, жоғары деңгейде ойын көрсетті. Журналистиканың қазанында қайнап жүрген командалар жасыл алаңда да нағыз шеберлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.

Турнир нәтижесі бойынша 1-орынды «Сыр медиа» ЖШС командасы иеленсе, 2-орын Меншікті тілшілер құрамасына бұйырды. Ал, 3-орынды Жалағаш ауданының командасы жеңіп алды.

Мұндай игі іс-шаралар БАҚ өкілдерінің кәсіби ынтымақтастығын арттырып қана қоймай, олардың қоғамдағы рөлін айшықтай түседі. Әрі денсаулық пен сергектікті серік еткен жандар қай салада да табысқа жететініне дәлел.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: