Бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысында айтылған.
Қазіргі уақытта қосымша табыс табушылар кірісін жасырудың түрлі амал-айласын жасап жатыр.
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов жиында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған.
Аталған заң жобасы Қаржылық мониторингті дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын және заң жобалау жұмыстарының жоспарын іске асыру аясында әзірленіп отыр.
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары қаржылық қылмыстар ел экономикасының тұрақтылығына тікелей қауіп төндіретінін ашық айтты. Қылмыстық жолмен табыс тапқан тұлғалар күрделі схемаларды қолданып, кірістерін жасырудың жаңа тәсілдерін үнемі іздеуде, сол арқылы оңай құтыламыз джеп ойлайды. Сол себепті, заңнаманы қазіргі заманғы сын-қатерлерге үнемі бейімдеп отыру керек. Заң жобасы да осыны көздейді.
Заң жобасында көзделген негізгі өзгерістер:
– Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілеттіктерін кеңейту. Енді агенттікке коммерциялық емес ұйымдар тарапынан жасалуы мүмкін күдікті операцияларды анықтау және талдау міндеті жүктеледі. Бұл қаржылық қылмыстардың алдын алуға және оларды ертерек кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.
– Жаңа субъектілерді тарту. Ұялы байланыс операторлары мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қаржылық мониторингтің жаңа субъектілері ретінде енгізіледі. Ұялы байланыс операторлары – мобильді шоттарға толтыру операциялары туралы, ал «Азаматтарға арналған үкімет» – нотариустар арқылы жасалатын, құны 50 миллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлік мәмілелері бойынша ақпарат береді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!