Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сот отырысының хатшысы болу –жауапты міндет

25.04.2025, 16:28 302

Сот отырысының хатшысы маңызды сот процесі болып саналады. Сот отырысы оның осы субъектінің қатысуынсыз өтпейді. Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот отырысының хатшысы сот төрелігін жүзеге асыруға жәрдемдесетін, бірақ бұл ретте сот төрелігін іске асыру жөніндегі функцияны орындамайтын және судьяның алмастырмайтын іс жүргізу тұлғасы болып табылады.

Судьяның уақытты тиімді пайдаланып, әділ үкім шығаруы үшін сот хатшысының жұмысы үлкен рөл атқарады. Мемлекеттік қызметкер мәртебесін қолдап отыру үшін барлық мемлекеттік қызметкерлерге сияқты сот отырысының хатшыларына да қойылатын талаптар әрдайым жоғарылатылып отырады.

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде өте маңызды рөл атқарады. Сот отырысының хатшысы өзі хаттамалауды қамтамасыз етуі қажет: барлық уақытта сот отырысының залында болуға және сот отырысынан төрағалық етушінің рұқсатынсыз кетпеуге, хаттамада соттың әрекеті мен шешімдерін, соттың отырысына қатысушы барлық адамдардың өтінішхаттарын, қарсылықтарын, айғақтарын, түсініктемесін, сондай-ақ сот отырысының хаттамасына көшіруге жататын басқа да мән-жайларды толық және дұрыс жазуға, сот отырысының хаттамасы осы Кодексте белгіленген мерзімде дайындауға, хаттаманың көшірмесін сот әкімшілігіне бағынуға, жабық сот отырысының хаттамасын оның өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшін жауап береді және сот отырысының хаттамасына қандай да бір ескертпелер немесе мәліметтер енгізілген жағдайда заңнамада көзделген жауапкершілікке болады. Әрбір адамның қарапайым сот отырысына қатысып хатшының міндетін түсінуі, құрмет көрсетуі және бағалауы маңызды деп есептейміз.

Сот отырысының хатшысы — бұл соттың жүрегі іспетті болу керек. Сот отырысының шынайы өтуі осы хатшының дұрыс жүргізуіне байланысты, оның жауапкершілігі, тыңғылықтылығы мен ұқыптылығына байланысты.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының әкімшісінің бас маман — сот отырысының хатшысы — Елкенов Абзал Азилханович

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: