Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент Назым Қызайбайды Әлем чемпионы атағымен құттықтады

16.03.2025, 22:45 154

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қарсыласын ойсырата жеңіп, Әлемнің үш дүркін чемпионы болған Назым Қызайбайды жеңісімен құттықтады.

«Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік!

Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін!» деп жазды Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Фото: olympic.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: