Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, TikTok балалардың онлайн қауіпсіздігін арттыру үшін жаңа функциялар енгізді.
Енді ата-аналар:
Балаларының қосымшаны қолдану уақытын шектей алады;
Цифрлық детокс үшін арнайы кесте орната алады;
Белгіленген уақытта TikTok-ты пайдалануға рұқсат бере алады немесе бұғаттай алады.
Жаңа «Демалыс» функциясы қосымшаны уақытша бұғаттауға мүмкіндік береді, ал «Отбасылық баптаулар» ата-аналарға балаларының аккаунты туралы толық ақпарат алуға көмектеседі.
Алдағы уақытта балаларға қауымдастық ережелерін бұзатын контент туралы ата-аналарына хабарлау мүмкіндігі қосылмақ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!