Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қорқыныш…

13.03.2025, 7:20 60

845 жылы Викингтер Францияға шабуыл жасаған кезде, олар Король Лоуис жіберген барлық әскерді өте оңай жеңіпті…

Патшаның  әскері 10:1  басымдыққа  ие  болып тұрғанымен, жеңіліп  қалған  екен…

Осы  кезде  француздар  арасында  викингтер  қорқынышты білмейді  деген  аңыз  пайда  болса  керек…

«Әлбетте, біз қорқынышты жақсы білеміз, бірақ біз жай ғана оны қолдамаймыз…

Қорқыныш дегеніміз тәуелді болу, құлдық, бағынышты болуға жетелейтіндіктен, соғыс даласындағы өлімнен де жаман…

Әлдебір «босс»-қа біз табынбаймыз…

Белгілі уақытпен ғана сайлаймыз…

Біз бәріміз жиналып бірге талқылаймыз…

Біздің қыздарымыз да еркін», – деп Рагнер айтқан екен…

6000 жыл бұрын басқаның миын қулықпен пайдаланушылар қорқыныш деген адамдарды құлдыққа түсіру үшін пайдалы екенін анықтап, оны қолдай бастады…

Міндетті түрде физикалық нәрселерден қорқу емес, денесіз затсыз нәрселер арқылы да қорқытуға болатынын түсініпті…

Шайтан, мыстан, жезтырнақ, ібіліс, жын, кек алушы құдайлар, немесе бұрмаланған әлемге деген сенімдер қорқынышты нығайтуда маңызды рөл атқарды…

Қорқыныш ғана 150 мың мысырлықты Сахара шөлі арқылы 12 тонна тасты сүйреп апарып, өз өмірін ұлы пирамиданы салуға арнауға мәжбүр еткен екен…

Оларға бұйрық берген кім?

Бір перғауын, оның министрлері және екі сәулетші…

Шамамен 14 адам…

Бақсыларға қыздарын өртету немесе Верданның шұңқырында ұлдарын құрбан ету жолындағы ата-аналар қорқынышы…

Кейде кейбір адамдар берілуден бас тартқан жағдайлар болды әрине…

1000 жылы Бора-бора аралының бір топ жігіті жұмақты тозаққа айналдыратын, адамды құрбандыққа шалу рәсімінен шаршап, аралдан кетуге шешім қабылдады…

Ұнамаса жоғалыңдар, сендерді мұхиттың дауылы, алып жыртқыш балықтар, аштық пен шөл жейтін болады деп жергілікті бірнеше тиран күлсе керек…

Олар азық-түліктері мен үй жануарларын қайықтарына артып алып, теңізге шығыпты…

Қайда бару керектігін жақсы білмесе де 22 күннен кейін адам тұрмайтын аралдар тобын тауып алып, Гавай деп атап, сонда қоныстаныпты …

Ол жерге барар алдында енді ешқашан адамнан құрбандық шалмаймыз деп ант беріп, егер Құдайға құрбандық жасағысы келсе, құлшылық пен гүлдер арқылы өтейміз деп келісіпті …

Ешкімнен, ештеңеден де қорықпа…

Әрқашан алға ұмтыл…

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: