Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сыр өңірінде

11.03.2025, 17:15 213

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Қуанышұлы Қызылорда облысындағы азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бағытындағы бірқатар нысандармен танысты.

Сонымен қатар, азық-түлік өнімдері бойынша құрылған жұмыс тобы яғни, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов пен облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Тұрсынұлы және «Байқоңыр» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Ғизат Әбілтай және Сауда департаментінің басшысы Ерқасым Жайбергенұлы нысандарды бірге аралады.

Ең алдымен, Вице-министр «Жан-Арай» ЖШС 4000 тонналық көкөніс сақтау қоймасына барды. Бұл нысан маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Одан әрі, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ меншігіндегі көкөніс қоймасының жұмыс барысымен танысты. Бұл қоймадағы өнімдер 36 әлеуметтік дү-кендерге және келісім бойынша ірі супермаркеттерге жеткізілуде.

Бүгінгі күні өңірдің тұрақтандыру қорында 3712 тонна өнім қоры бар. Барлық әлеуметтік дүкендерде 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сатылуда.

Жұмыс сапары аясында әлеуметтік дүкендерге және ірі сауда орындарында ашылған әлеуметтік бұрыштарға барды. Атап айтқанда, «Анвар», «Магнум», «Мирас», «Аль-Асад» сауда үйлері, «Сыбаға» базары және базар маңындағы әлеуметтік дүкендердің жұмысымен танысты.

Сапар соңында, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Қуанышұлы азық-түлік өнімдерімен халықты қамтамасыз ету мақсатында қажетті қордың мөлшері жеткілікті болуын және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша мерзімді қажетті шараларды қабылдау жөнінде тапсырма берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: