Жалағаш ауданы әкімдігінде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, туризм саласына бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау мен игеру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері талқыланды.
Аудан әкімі Ардақ Ибраимов тұрғын үй кезегі мен оны алғандар тізімін заң талаптарына сәйкес жыл сайын жариялап, үйді бөлу үдерісін ашық жүргізуді тапсырды. Жетім балаларға бөлінетін 20%-дық үлес қатаң сақталуы керектігін атап өтті.
Сонымен қатар, бюджет қаражатын тиімді игеру, аудан көлеміндегі құрылыс нысандарының сапасы мен қазіргі жай-күйін зерделеп, Мемлекет тарапынан қолдау тапқан бастамалардың халыққа ұзақ мерзімді жайлы қызмет көрсетуі қажеттігін жеткізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!