Депутат Абзал Құспан Президенттің «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты барысында «Ескі Қазақстан» өкілдеріне қарата айтқан сөзіне пікір білдірді. Депутат Adal adam youtube-арнасында тақырыпқа қатысты ой айтып, мұны Назарбаевқа қатысты «сигнал» деп атады.
«Депуттар «Ескі Қазақстан» туралы айтып келеміз. Оларды жазаға тарту, кінәлілерді анықтау керек. Еділ Жаңбыршин ағамыз «жыланның басын шауып тастау керек» деп, тазартуды Назарбаевтан бастауды ұсынғанын білеміз. Өйткені бүгінгі депутаттардың көбі мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген, «Жаңа Қазақстан» ұранымен келді. 30 жыл елге ойына келгенді істеген азаматтар жауапкершілікке тартылса дедік. Халық арасында неліктен кінәлі адамдар босатылғанын сұраудың сыры да осында жатыр. Президенттің сұхбат барысында Назарбаевқа қатысты ой айтуы нақты «сигнал» деп білемін. Яғни, Ескі Қазақстанға, оның туын көтеріп жүргендерге айтылған ескерту», – деді депутат.
Сонымен қатар заңгер бұрынғы президенттің туысы Қайрат Сатыбалдының ісіне қатысты сот үкіміне наразы екенін жеткізді. Бұл сот жүйесін әлсіретеді деп баға берген.
«Қоғам жағындамын. Бұл шешім біржақты, дұрыс емес шешім болды. Сот тәжірибесінің біркелкілігіне зиян тигізетін әрекет. Сот жүйесіне жақсылық әкелмейді», – деді.
Фото: s0.rbk.ru
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!