Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сахна сандуғашы ән кешін берді

02.02.2025, 20:00 55

Ширек ғасыр шегінде сұлу да сыңғыр үнімен сахна сандуғашына айналған әнші, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Рауза Искакова Сыр халқына бенефис-концертін ұсынды. Көрерменге «Жылы жүздесу» атымен жақсы таныс дәстүрлі кештің кезекті шығарылымы әншінің өмірі мен шығармашылығына арналды.

Бұл концерт репертуарына республикаға танымал композиторлар мен жергілікті сазгерлердің әсем әндерін жиған сыршыл әншінің өнер жолында халыққа ұсынған үшінші шығармашылық кеші. Ерекше форматта өрбіген бағдарламада филармония әртістері әншінің бай шығармашылығынан әндер орындап, халықтың құрмет-қошеметіне бөленді.

– Осыған дейін бірнеше рет шығармашылық концерттер бердім. Бірақ, бүгінгі кештің орны бөлек. Себебі, бұл жерде халықпен тікелей байланыста, кері байланыс жасап отырасың. Халықтың ыстық ықыласын сезесің. Сұрақ-жауап форматында өткен кеш өте жақсы өтті деп есептеймін, – дейді Рауза Сейдуллақызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: