Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада электр энергиясы өсті ме?

21.01.2025, 18:00 117

Су мен жарыққа төлеген ақша адал деп отыратын үлкендер. Расымен солай. Жарық болмаса күнің де, түнің де қараңғы. Қазір бәрі тоққа байланған заман.

Әлқисса, соңғы кездері облыс тұрғындары арасында электр энергиясының төлеміне қатысты түрлі пікірлер айтылып жүр. Оған себеп энергетикаға төлейтін төлемнің тым көбейіп кеткендігі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тахир Нәдірбек мәселенің мән-жайын тарқатып айтып берді. .

– «Электр энергиясы қымбаттады ма?» деген сұрақ жиі қойылады. Мәселе былай. Облыс орталығында энергия тұтынушылар саны көп. «Энергосервис» әртүрлі уақытта төлем жасап, сол күні база жабылатын. Энергиямен жабдықтаушы мекеменің жабылуына байланысты 31 желтоқсанға дейінгі көрсеткіш бойынша есеп айырысу қажет болды. Тұтынушылар осылайша бұрынғыдай бір ай емес, 45 күндік көрсеткішпен төлем жасады. Тұрғындардың «көп төледік» деп жүргені – осы айырмашылық. 1 қаңтардан бастап «КРЭК» мекемесінің қолына өтті, енді төлем жасау мерзімі бұрынғы қалпына түседі, – деді ол.

Спикердің сөзінше, облыста энергиямен жабдықтаушы «Энергосервис» ЕЖШС, «Шиелі жарығы» ЖШС және «Даулетэнерго» ЖШС ұйымдары қызметін тоқтатты. Жыл басынада бұл қызмет түрі «ҚЭТТК» АҚ-ның қолына өтті. Энергиямен жабдықтау қызметін «ҚЭТТК» АҚ жүзеге асыруда. Тұрғындар наразылығының түсінбеушілік себебі осы. Бүгінде өңірімізде 10491 шақырым электр желілері мен 2008 дана қосалқы станция жұмыс жасауда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: