Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҚХА 30 жылдығына арналған жобалар талқыланды

24.12.2024, 11:55 168

Қызылорда облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шахмардан Баймановтың төрағалығымен «Достық» үйінде 2025 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы» аясында ұйымдастырылатын іс-шараларды талқылауға арналған кездесу өтті.

Кездесуге облыстық ҚХА құрылымдарының төрағалары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қоғамдық даму, мәдениет, архивтер және құжаттама, денешынықтыру, спорт және туризм, білім басқармаларының, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшылары және тиісті сала мамандары қатысты.

Кездесуде өңірдегі ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтау, өңірлік Ассамблеяның қызметін жандандыру және оның қоғамдық-саяси рөлі мен маңызын арттыру бағытында 30 жылдық аясында атқарылатын жұмыстар мен алдағы міндеттер айтылып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Шахмардан Асқарұлы алғы сөзінде келесі жылдың наурыз айында ҚХА 30 жылдығы салтанатты шарамен ашылып, жыл бойы ерекше іс-шаралармен толығатынын айтты. Жоспарға өңірдегі 11 бірлестік апталық кешенді іс-шаралар ұйымдастырып, тарихқа толы арнайы фотоальбом жинағын шығаруға, Ассамблеяны құру жолында еңбегі сіңген жандардың тізімін жасақтауға тапсырма берді. Сонымен бірге әр бірлестік туралы жергілікті телеарналардан сюжеттер көрсетілімі болуы тиіс деді.

Кездесуде облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов алдағы 30 жылдыққа арналған республикалық, облыстық деңгейдегі ауқымды іс-шараларға тоқталды. Облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары Дильфура Байрактарова облыстық ҚХА іс-шаралар жоспарына жауапкершілікпен қарап, қолдау білдіруге шақырды.

Өз кезегінде «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының төрағасы Галина Щербакова жаңа сахналық киімдер алуға, Татар этномәдени бірлестігінің төрағасы Галия Гизатуллина Қызылорда қаласының Қазақ АКСР-ның астанасы болғанына 100 жыл толуы, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясындағы іс-шараларды біріктіруге және облыстық ҚХА ардагері Асылбек Жұмабаев оқу орындарында «Этносаяси сауаттылық» дәрістерін қайта жаңғырту туралы ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Кездесу соңында Ш.Байманов айтулы дата аясында арнайы жоспарды бекітіп және жоспар аясында жүйелі жұмыстар жүргізу тапсырмасын тиісті сала мамандарына жүктеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: