Қызылорда облысында мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының сайлауы 7 округте өткізіледі, деп хабарлайды облыстық сайлау комиссиясы.
Облыс бойынша 21 кандидат тіркелді. Орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3 кандидатты құрайды. Тіркелген 21 кандидаттың 4-еуін саяси партиялар, 17-і өзін-өзі ұсынған.
Сайлаушыларға дауыс беру күні және учаскелер туралы ақпарат беру үшін әр үйге және әр сайлаушыға QR-код белгісі бар шақыру қағаздары толық таратылды, әрбір ауылдық округтің ватсап чаттары арқылы электронды түрде шақыру қағаздары жіберілді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 7 желтоқсан – тыныштық күні, 8 желтоқсан – дауыс беру күні.
Айта кетейік, дауыс беру таңғы сағат 07.00-ден 20.00ге дейін жалғасады.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!