Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тоқаев: Коронавирустың екінші толқынына дайын болуымыз керек

27.05.2020, 15:00 1309

HALYQLINE.KZ Бүгін Ұлттық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысқан мемлекет басшысы елдегі бірқатар экономикалық мәселелерді пысықтап, дәл қазіргі ахуалға да тоқталды. Сондай-ақ, президент қазақстандықтарды коронавирустың екінші толқынына дайын болуы керектігін айтты.

  • Бүгінгі таңда биологиялық қауіпсіздік барлық елдерде қауіпсіздігінің маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Мен коронавирустың екінші толқынына дайын болуымыз керек екенін айтқанмын, біздің елімізде және көрші елдерде табиғи індет ошақтарының тұрақтылығы және басқа да қауіпті инфекциялардың болуымен жағдай күрделене түседі. Бірқатар қажетсіз реформалар мен қайта құрылымдаудың салдарынан санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі мен инфекцияларға қарсы бақылау жүйесін едеуір әлсіретіп алдық. СЭС-ті күшейтіп, оны дамыту қажет, дәлелденген модельге көшу керек. Осы негізде жаңа комитетті құру жұмыстары басталып та кетті, бас мемлекеттік санитарлық инспектордың мәртебесі мен өкілеттіктері артады. Өмірдің өзі бұл реформаны қолға алуды мәжбүр етіп отыр. Әлеуметтік қорғау мамандығы бойынша шаралары қабылданады және осы қызмет мамандарын оқыту жүйесі де қайта қаралады, – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық сенім кеңесі үшінші отырысында.

Естеріңізде болса, бір апта бұрын ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова індеттің екінші кезеңі туралы айтқан еді. Коронавирустың екінші кезеңі – күзде деген тақырыппен жазған болатынбыз.

Пікірлер:
  • Ел арасындағы алып-қашпа әңгімеге мән бермеген едік,елбасымыз өзі мәлімдесе рас шығар….
    Ұстаз ретінде қашықтық оқудың әлсіз тұстары көп екенін айтқым келеді.Мектеп қабырғасындағы оқу-тәрбиені ешқандай басқа қосымша жолдар шеше алмайды.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: