Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында қыздарға және ұлдарға бөлек-бөлек тәрбие беретін жазғы жеке лагерінде не оқытатынын айтты.
«Мен ол жерде дінді айтпаймын. Дін – жеке басымның шаруасы. Ата-ананы сыйлау жөнінде, тарихи хикаялар, ғибрат әңгімелер айтамын. Оларға дін айтып, басын қатырмаймын, кішкентай балалар ғой олар», – деді депутат.
Сонымен қатар,ол депутат болған кезеңде де жазғы лагерінің жұмысын тоқтатпағанын жеткізді.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде «Ардақ Назаров жазғы лагерінде дін үйретеді» деген секілді қауесет-пікірлер жазған болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!