Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қайтарымсыз грантпен кәсібінің аясын кеңейтті

10.10.2024, 15:15 1539

«Күнделікті киетін киіміміз арқылы ұлттық болмысымызды айшықтауға болады» дейді «Әрекетке берекет» айдарының кезекті кейіпкері Жазира Рамазан.

Бүгінде кәсіпкер «QOLONER BREND by Zhazira Ramazan» брендімен түрлі дизайндағы қазақтың ұлттық нақыштағы киімдерін тігуде.

Биыл қала тұрғыны «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде 1 476 800 теңге көлемінде мемлекеттік грантқа ие болып, түрлі құрал-жабдықтар сатып алған. Осылайша, ісінің алға басуына серпін берген мемлекеттік бағдарламаның қолдауын сезінді.

Шебердің айтуынша түсі, түрі келіскен, сапалы ұлттық киім-кешекке тапсырыс көбіне әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы қабылданады. Ұлттық киімді фотосессия жасауға немесе мерекелік іс-шараларға киюге жалға береді.

Этностильдегі киімнен бөлек, шүберек сөмке, жастықтардың да түр-түрін тігетін кәсіп иесі болашақта кәсібін үлкейтіп, емдік көрпелер әзірлейтін шеберхана ашқысы келеді. Ол үшін кәсіпкер 5 миллион теңгеге дейін берілетін мемлекеттік грантқа қатысуды жоспарлап отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: