Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қатаң қызмет, ауыр міндет

19.09.2024, 17:15 140

Қатаң тәртіп, талапшылдық, тазалық пен асқан жауапкершілік бұл – №68 мекемесіндегі Арнайы есепке алу бөліміндегі жұмыс істейтін қызметкерлердің барлығына тән басты қасиет. Бұл бөлім немен айналысады, ондағы қызметкерлердің міндеті қандай деген сұраққа бөлім бастығы, әділет капитаны Табылғанова Мерей Елубекқызы жауап алып көрейік.

Біздің Арнайы есепке алу бөлімі мекеме қамауында отырған арнайы контигенттердің жеке істерін жүргізу жұмыстарымен, құжаттары бойынша жұмыс атқарады. Бөлімде 6-қызметкер жұмыс істейді. Оның төртеуі аттестатталған болса, екеуі ерікті жалдамалы қызметкерлер және барлығы дерлік әйел азаматшалар. Бұл қызметкерлер «Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрінің ҚАЖ Комитетінің тергеу изоляторында ұсталынатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Ішкі істер минстрінің 2022 жылғы 18 ақпанындағы №87 бұйрығымен, ҚАЖ комитетінің 13.02.2017 жылғы №107 жылғы бұйрығы «Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық – атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларына(2014ж 13 ақпандағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы « ҚР Ішкі істер мекемелерінің 2022ж 23 мамырдағы №370 бұрығын, ҚР Заңдарын, басқа да, нормативтік-құқықтық актілерді, арнайы есеп бөлімінің қызметін реттейтін ведомствалық бұйрықтар мен нұсқаулықтарды басшылыққа алады. Барлық қызметкерлер өзінің бекітілген лауазымдық міндеттеріне сай қызмет атқарып келеді.

Яғни, сотталғандардың сот үкімі шыққан сәттен бастап бар жеке дерегі осында сақталады. Егер қайта сотқа шақыртылған болса немесе сот үкіміне өзгертулер енсе, рақымшылық жасалса, заң негіздеріне сүйене отырып, барлық құжатты топтастырамыз. Мекемеге шамамен бір жылда бес жүзге жуық жаңадан арнайы контингент келіп түседі. Олардың құжаттарын дайындап, келген үкімдерін, жазған арыздарын, қаулыларын сонымен қатар айдауылдау жұмыстарына құжаттарын дайындап, тіркеп нормаға сай қызмет атқарамыз. Жауапкершілік пен ұқыптылық біздің бөлімге ауадай қажет. Өйткені мұнда әр азаматтың тағдырының үкімі кесілген. Сондықтан біз, қамаудағылардың құжаттарын толтыруға аса жауапкершілікпен қарап, әр жасаған ісімізді тиянақты атқарып жүрміз, – деп, жауап берді ресми түрде бөлім бастығы әділет капитаны М.Табылғанова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: