Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімдігі жанындағы топтың отырысы өтті

16.08.2024, 22:30 316

Бүгін қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен «Отбасының цифрлық картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі D, Е санатындағы отбасыларды қолайлы санаттарға ауыстыру мәселесі жөніндегі арнайы топтың алғашқы отырысы өтті.

Арнайы топ отырысына білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, жер, қоғамдық даму, тұрғын үй бөлімдері, ХҚКО, мансап, отбасын қолдау орталықтарының басшылары, кент пен ауылдық округ әкімдері және осы салаға жауапты қызметкерлер қатысты.

Жиын барысында «Отбасының цифрлық картасы» ААЖ-гі отбасыларды дағдарыс және мүшкіл жағдайынан шығару туралы» қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаева хабарлама жасады.

Сонымен қатар, «Отбасының әлеуметтік саламаттылығының деңгейін айқындау үшін көрсеткіштерді есептеу туралы» облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы Смат Сейдахметов түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Арнайы топ төрағасы жиынды қорытындылай келе, D,Е санатындағы отбасыларды қолайлы санаттарға ауыстыру жөнінде салаға жауапты құзырлы мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: