ҚР Қорғаныс министрлігі кадр департаментінің экс-басшысы генерал-майор Қайрат Көпбаев Adal Adam Youtube арнасына берген сұхбатында «заказ» істер қандай жағдайда тоқтайтынын айтты.
«Логикалық тұрғыдан қарасақ та, ақталып шыққан азаматтарға заңсыз үкім кескен, оларды заңсыз қудалап, тергеген, абақтыда заңсыз ұстаған тергеушілер, прокурорларға, судьяларға жаза қолдануы керек. Бірақ олардың қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын естімеппін. Бәлкім, тәртіптік шара берілген шығар. Ол да белгісіз. Егер заңсыз үкім шығарғаны, заңсыз іс қозғағаны үшін судья, тергеушілер сотты болып жатса, «заказ істер» азайып, құрдымға кетер еді. Кейінгі үш жылда прокурордың протесімен 4 әскери ақталды, бірақ солардың ісін жүргізген тергеуші, үкім кескен судья сотталды дегенді естіген жоқпын», – деді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!