Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Судағы қауіпсіздік ережелері сақталуы тиіс

07.08.2024, 14:30 255

Қала әкімдігінің жанынан құрылған мониторингтік топ су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында аралау жұмыстарын жүргізуді күнделікті жалғастыруда.

Аралау барысында сала мамандары суда қауіпсіздік ережелерін сақтамай, белгіленбеген жерлерде шомылуды болдырмау үшін тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп келеді.


Су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз!

🔹Тек қана суға шомылу үшін бөлінген жағажайлар мен орындарды пайдаланыңыз;

🔹 Суда балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

🔹 Қоршау белгілерінен әрі бармаңыз, тыйым салынған орындарда суға шомылмаңыз;

🔹Көпірлерден, бөгеттерден, қайықтардан суға секіруге және сүңгуге тыйым салынады;

🔹Масаң күйде суға шомылуға тыйым салынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: