Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті

07.08.2024, 10:42 300

Кеше облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Баймановтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Жиында облыс әкімі – кеңес төрағасы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес жастар мен жас отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, оның ішінде, білім алу мүмкіндігін кеңейту, кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, жұмыспен қамту мәселелері қаралды.

Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы және жұмыссыз жастар санын азайту бағытында аймақта атқарылған істер есебі тыңдалды.

Кеңес отырысына қатысқан жастар ұйымдары өкілдері мен басқа да сала мамандарының ұсыныстарын негізге алып, жүйелі іс-шаралар атқару қажеттігі айтылды.

Жиын қорытындысында мүдделі орган басшыларына жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды кең көлемде насихаттау, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру тапсырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: