Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көлік жүргізуші 258440 теңге айыппұл арқалады

25.07.2024, 16:05 253

HALYQLINE.KZ

Әкiмшiлiк жаза құқықбұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Алайда, одан қорытынды шығармай, сот қаулысымен белгіленген шектеулерді орындамай, заң талаптарына немқұрайды қарайтындар да бар.

Мәселен, Арал аудандық сотында көлік басқару құқығынан  айырылса да, заң талаптарын елемей, көлік тізгіндеген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабының 4-1-бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азамат Т. 2020 жылы сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған. 2024 жылы наурыз айында ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып әкімшілік жауаптылыққа тартыла тұра, көлік құралын басқару әрекетін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Сот отырысында оның құқықбұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген. Сот қаулысымен құқық бұзушы Т. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабының 4-1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 258440 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Фото: atr.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: