Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жұлдыздың «Адал асы»

15.07.2024, 9:10 407

HALYQLINE.KZ

Соңғы жылдары кәсіпкерлік саласында нәзік жандылардың үлесі артып келеді. Әсіресе, шағын және орта бизнес саласындағы қаншама қыз-келіншек жоғары жетістікке жетіп жүр. Оған мемлекет тарапынан қабылданған түрлі бағдарламаның көбейіп, адамдарды кәсіпке баулу мен нәтижелі еңбекпен қамту бағытындағы жұмыстың жолға қойылуы да әсер етуде.

Арал ауданында «Ауыл аманаты» жобасымен де мемлекеттің қолдауының арқасында өз кәсібін жандандырып отырғандар бар. Мәселен, Арал қаласының тұрғыны Жұлдыз Кушжанова өткен жылы аталған ұлттық жоба аясында жеңілдетілген несие алып, жартылай дайын өнімдерді өндіретін «Адал ас» шағын цехын ашқан болатын.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы баспасөз қызметінің

мәліметінше, бұл бизнесін бастағанына көп болмаса да цехтан шығарылатын Жұлдыздың өнімдеріне сұраныс бірден арта түскен. Қазір Аралдағы қай дүкенге бара қалсаңыз, сөрелерінде Жұлдыздың жартылай дайын тамақтары тізіліп тұрады. Нәзік жанды кәсіпкеріміздің айтуынша, жұмысбасты отбасылар, сондай-ақ, студенттерге бұл – таптырмайтын мүмкіндік. Тек қана дайын дүниені үйге барып, пісіре саласың. Сондықтан да бұл өнімдерге сұраныс жоғары дейді.

«Адал ас» шағын цехында түшпара, манты, самса, жайма және басқа да 15 түрлі өнім дайындалады. Өндіріс орнында бүгінде 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Айта кету керек, кәсіпорын өндіретін өнімдер қазіргі таңда Арал қаласындағы барлық дүкен арқылы тұрғындарға төменгі бағада сатылуда.

Сурет  бейнежазбадан  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: