Қызылорда облысының ПД болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді.
Қызылордада 5 маусымға қараған түні мектептің жанында белгісіз адам үш жасөспірімді пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тоғызыншы сыныптың 3 оқушысы пышақ жарақатын алған, үшеуінің де аяғы жараланған. Ауруханада оларға алғашқы көмек көрсетіліп, үшеуі де үйлеріне жіберілді.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп жауап берді полиция.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!