Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырдария өзеніне екі жасөспірім батып кетті

03.06.2024, 11:30 367

HALYQLINE.KZ

Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысында екі бала Сырдария өзеніне батып кеткенін мәлімдеді.

Балалар жабдықталмаған жерде суға түсу кезінде суға батып кеткені хабарланды.

Жергілікті 112 құтқару қызметіне 1 маусым сағат 18:27-де Қызылорда қаласы маңындағы «Ягодка» саяжайында дарияға суға түсіп жүрген 2008 және 2009 жылғы екі жасөспірім суға кеткені жөнінде хабар түскен.

«Оқиға орнына жедел құтқару жасағының құтқарушылары жедел жетіп, су асты іздестіру жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде алдымен 2009, одан кейін 2008 жылғы жасөспірімнің мәйіті сыртқа шығарылып, ата-аналарына табысталды. Олардың 2-еуі де Қызылорда қаласы Н.Ілиясов атындағы № 9 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушылары екені анықталды», – деді Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағы.

Төтенше жағдайлар министрлігі барлық азаматты суда өзін-өзі ұстау ережелерін сақтауға шақырады, бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайтынын хабарлайды.

Дереккөз: stan.kz

Көрнекі сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: