Қазақстан Республикасы Қорғаныс минстрлігімен 2022-2025 жылдарға арналған «Өмірді сақта» ведомствоааралық бағдарламасының және Қызылорда гарнизонының әскери бөлім командирлері мен мекеме басшыларымен құқық бұзушылық профилактикасы бойынша өзара іс-қимылды нығайту, оқиғалар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы 2024 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 15 мамырда Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасының аға прокуроры әділет полковнигі Р.Абдихайымов, әділет лейтенанты С.Тельмухаметпен бірлесе отырып, Әскери-техникалық мекбетінің жеке құрамымен және оқып үйренушілердің құқықтық мәдениеттерін қалыптастыру мақсатында профилактикалық құқықтық түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Кездесудің мақсаты – қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті арттыру.
Іс-шараға барлық санаттағы қызметкерлер мен оқып-үйренушілер қатысты. Кездесу барысында Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасының өкілдері Әскери-техникалық мектебінің қызмет саласында қызметкер, оқытушылар, оқып-үйренушілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастырудың маңызын, бұзақылық, ұрлық, сеніп тапсырылған мүліктерді талан-таржаға салу немесе жымқыру, сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлау мен жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың өзектілігін түсіндіріп, әскери прокуратура мен әскери полицияға деген сенімді арттыруға үлес қосуға және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге шақырды.
Сонымен бірге, жеке құрамға 2024 жылғы сәуір айына дейінгі әскери қызметшілермен орын алған қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық бойынша Қазақстан Республикасының атынан шығарылған Үкімдер мен сот қаулылары әскери қызметшілерге жан – жақты жеткізілді.
Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі
әскери полиция бөлімшесінің бастығы
майор Бақтияр Дәуренқұлов
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!