Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: соңғы тәулікте 13 адамнан «Covid-19» инфекциясы анықталды

15.05.2020, 17:24 616

HALYQLINE.KZ Коронавирус инфекциясымен Қызылорда облысында 245 жағдай тіркелді (Қызылорда қаласында –96 жағдай, Жаңақорған – 35 жағдай, Арал – 8, Сырдария – 26, Қармақшыда – 7, Шиелі – 68,  Қазалы – 5). Барлығының жағдайы бақылау барысында бірқалыпты. Коронавирус анықталған азаматтардың жасына сәйкес бөлінісі: 0-14 жас – 23 азамат, 15-19 жас – 11 азамат, 20-29 жас – 71 азамат, 30-39 жас – 37 азамат, 40-49 жас – 40 азамат, 50-59 жас – 31 азамат, 60 жастан жоғарылар – 32 азамат. Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясымен анықталған  13 (Қызылорда – 2, Арал – 2, Қазалы – 2, Шиелі – 2, Жаңақорған – 3, Қармақшы – 2). Бұл анықталған азаматтардың барлығы  Атырау облысында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін облысымыздың тұрғындары.

Жалпы коронавирус инфекциясынан науқастардың 75 пайызы яғни, 188 адам емделіп шықты. (Кызылорда қ-52, Аралдан – 4, Қазалы ауданынан – 3, Қармақшы – 5, Сырдариядан – 26, Шиеліден – 66, Жанакорған-30, Алматы қ. – 1, РФ анықталған азамат – 1). Емделіп шыққандардың ішінде  28 медицина саласының қызметкері бар.  

         12 мамыр 2020 жылы «Евразия» телеарнасы мен «Информбюро» 31- каналдың кешкі жаңалықтарынан Шиелі ауданы Төңкеріс ауылдық округінің тұрғындарының төтенше жағдайға байланысты қойылған блок – пост жұмысын тоқтату туралы талабы көрсетілді. Сондай – ақ сұхбат берген тұрғындар азық – түлік бағалары көтерілгендігін, карантин талабына сәйкес ауылдан шыға алмай қалғандығын айтқан.

Төңкеріс ауылдық округіндегі халық саны  3280  адамды құрайды.(Оның 1,4 пайызы коронавирус инфекциясын жұқтырған). 2020 жылдың 4 сәуір күні 2 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталып, төтенше жағдайдың жариялануына байланысты каратин талаптары күшейтілді

Шиелі ауданы Төңкеріс ауылдық округінің кіре беріс блок – посты 2020 жылдың 30 наурызынан қойылды. Бірақ барлық қолдау шаралары жасалды. Ауылдық округ тұрғындарының сұраныстары бойынша азық–түлік тауарлары, 300 газ баллоны, 20 тонна жем кідіріссіз жеткізілді. Азық–түлік сататын кәсіпкерлерге арнайы хат беріліп, шекті бағаның тұрақтылығын сақтау тапсырылып, жергілікті билік өкілдері, қоғамдық ұйымдар тарапынан бақыланды. Күнделікті қолданыстағы 9 азық – түлік тауарларының белгіленген бағасы өскен жоқ. Халық тұтынатын тауарлардың бағасына тек жол шығыны ғана қосылды. 

Аудан әкімінің ұйымдастыруымен «Біз біргеміз!» жобасы аясында ауылдық округте тұратын 251 отбасына тегін азық – түлік беріліп, әлеуметтік қолдау шаралары жүргізілді. «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен 50 отбасыға 1 тонна капуста тегін таратылып берілді. Еріктілер тарапынан блок – постарға, халыққа 2000 маска, ыстық тамақ тегін берілді. Әлеуметтік төлемдер (зейнетақы, АӘК т.б.) мерзімінде жүргізілді. Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу қағидаларына сәйкес 7 санат бойынша коммуналдық төлемдерін жүргізуге өтініштері қабылданды. Ауыл өмірі біртіндеп қалпына келуде. Төңкеріс ауылдық округі бойынша ауылшаруашылығы бойынша  бүгінгі күнге дейін 1166 гектар егістік егілді. Қазір әлеуметтік азық-түлік бағасы тұрақты.

Сонымен қатар,  арнайы кестеге сәйкес қоғамдық көлік қатынауда. Бірақ, ауыл тұрғындары сырттағы туған-туыстарға  қатынасты барынша шектеуі тиіс.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: