Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Энергия мен ресурстарды үнемдеу технологиялары: тәжірибе және перспективалар» атты VI – Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның ашылу салтанатында Басқарма Төрағасы – ректор Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы конференцияның маңыздылығына тоқталып, барша қатысушыларға сәттілік тілеп, алғысын білдірді.
«Конференцияға қатысушылардың саны жыл сайын көбейіп келеді, бұл осы тақырыпқа қызығушылықтың артқанын көрсетеді. «Конференцияның мақсаты – қазіргі заманғы энергетиканы дамытудың іргелі ғылыми мәселелері мен перспективалық бағыттарын талқылау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы салалық компаниялардың озық тәжірибесін зерделеу» деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.
Сонымен қатар, конференцияда көтерілген мәселелер экономиканың әртүрлі салаларында энергия мен ресурс үнемдейтін озық технологиялар мен шешімдерді енгізуге және танымал етуге өз септігін тигізетіндігін де атап өтті.
Іс-шара барысында әлемнің барлық елдері үшін өзекті мәселелер туралы шет елдік және отандық ғалымдар, атап айтқанда ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы жанындағы ғылыми-технологиялық даму және ҚҚС Кеңсесінің басшысы э.ғ.д., Медиева Гүлбазар баяндама жасады.
Сонымен қатар, Венгрия Республикасы Паннония университеті, Биоинженерия, мембраналық технологиялар және энергетика зерттеу тобы, радиохимия және радиоэкология институтының ғылыми қызметкері Хегедус Миклош, «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінің доценті, т.ғ.д., Абдужолол Бокиев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, т.ғ.д., Өмірзақов Серікбай баяндама жасады.
Конференция жұмысында онлайн форматта 20-дан астам баяндама жасалды. «ЖЭК технологиясын іске асырудағы кадрлық мәселелер» секциясы бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Едил Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаты Гүлжан Сүлейменова, ҚР Энергетика Вице-министрі Сұңғат Есімханов онлайн қатысты.
Жоғары Комитет төрағасы, ҚР жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова, Алматы Энергетика және байланыс университетiнің ректоры Мурат Сыздықов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Климаттық саясат департаментінің директоры Сәуле Сабиева да ғылыми отырысқа онлайн қатысып өз ойларын ортаға салды.
Конференция барысында проблемалар жан-жақты талқыланып, энергия мен ресурс үнемдейтін технологияларды тәжірибеде қолдануды дамыту және енгізуге қатысты тұшымды пікірлер айтылып, ұсыныстар берілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!