Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жанқожа бабаның кесене маңайын абаттандырып, ескерткіш тұғырын орнатуға 100 млн теңге бөлінді…»

16.04.2024, 8:15 288

HALYQLINE.KZ

Жағымды  жаңалық

15 сәуірде аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясы шақырылды. Сессияға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет, аудан әкімінің орынбасары, Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, қазынашылық басқармасының басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен әкімдіктің дербес бөлімдері басшылары қатысты. Сессияға аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш төрағалық етті.

Сессияның күн тәртібінде «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы кезекті XI сессиясының №128 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралып, ол бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ә.Әбиев хабарлама жасады.

Аудандық мәслихаттың төрағасы Ғ.Әліш тазалық жұмыстарын сақтауға байланысты Әйтеке би кентіндегі шет аймақтарға қосымша бейнекамералар сатып алуға қаржы қарастыру және үнемделген қаржыларды бағыттау кезінде депутаттардың сайлау учаскелеріндегі жөндеуді қажет ететін көшелердің бекітілген кезектілігіне сәйкес бөлуді сұрады. Аудандық мәслихаттың депутаттары Ә.Сарабеков, Ә.Рахметов Әйтеке би кентіндегі көшелерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында алдын ала тиісті мамандармен зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тиімді жобаларды ұсыну қажеттігін жеткізді. Аудандық мәслихаттың депутаты Э.Нұрмағанбетова Жалаңтөс баһадүр атындағы орталық стадионға жөндеу жұмыстарына қосымша қаржы бөлуді және үнемделген қаржыларды кент ішіндегі қысқа көшелерді жөндеуге бағыттау қажеттігін айтты. Аудандық мәслихаттың депутаты Ә.Сарабеков бұрын болған аудан әкімдігі жанындағы қала құрылысы кеңесін қайта құру туралы ұсынысын айтып, аудан әкімі оған қолдау білдірді.

Сессия соңында Қазалы ауданы әкімі М.Шермағанбет аудандық мәслихаттың депутаттарын облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес салық түсімдерін көбейту бағытындағы жұмыстарды бірлесіп атқаруға шақырды. Сонымен қатар, су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсетіп, жанашырлық танытқан ел азаматтарына алғыс айтты. Сондай-ақ, бүгінгі сессияда Жанқожа бабаның 250 жылдығына орай кесене маңайын абаттандырып, ескерткіш тұғырын орнатуға 100 млн теңге бөлінгенін айтып, алдағы уақытта комиссия отырысы өткізіліп, ұйымдастыру жұмыстары тиісті сала басшыларына тапсырылып, қажетті қаржысы қарастырылатынын жеткізді. Сессия алдында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: