2023 жылғы 17 маусымда Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында, Мемлекет басшысының тапсырмасына сай экономикалық бастамаларды іске асырудағы негізгі фактор ретінде патриотизм, әділдік, еңбекқорлық, ел мен отбасы алдындағы жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерді қоғамға сіңіруге бағытталған «Адал Азамат» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2023 жылғы 08 желтоқсандағы №409 Жарлығымен Адам құқықтары мен Заң Үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары бекітілген болатын.
Осыған сәйкес, Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің басшылығымен, аталған жоспарға сәйкес Адал азамат-жауапты азамат тұжырымдамасы шеңберінде халықтың құқықтарын, міндеттемелері мен жауапкершіліктерін түсіндіре отырып теміржол мекеме қызметкерлерімен жұмыс кездесу өткізілді.
Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімшесі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!