Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Квадрат»: 31 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

29.03.2024, 8:45 134

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Айдар Қасановтың бұйрығымен полиция қызметкерлері құқықбұзушылықты болдырмау және алдын алу мақсатында «Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасын №1 УПИ-ның ауқымды әкімшілік аумағында өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты құқықбұзушылықтың алдын алу, патрульдеуді жүзеге асыру, профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды, қару иелерін тексеру, тұрғындарға, шағын және орта бизнес иелеріне учаскелік инспекторларын таныстыру, заңмен белгіленбеген уақытта алкоголь өнімін сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көрсетілгенін ескерту, сондай-ақ кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы қылмыстарды болдырмау болып табылады.

Тұрғындардың мекенжайларын аралау кезінде осы әкімшілік аймаққа жауапты учаскелік полиция инспекторларының аты-жөндері, қызметтік және ұялы байланыс телефондары көрсетілген визиткалар таратылды. Аумақта 17292 тұрғын тұрады. Сонымен қатар, профилактикалық және тізімдік есепте тұрған 39 адамның 22-сі мекенжай бойынша тексерілді. Олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Тұрғылықты жері бойынша азаматтық қарудың 174 иесінің 51-і тексерілді.

Атқарылған жұмыс барысында 31 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша (қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) 20 дерегі, ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы бойынша (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) 2 дерегі, ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабы бойынша (ҚР тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) 7 дерегі және ҚР ӘҚБтК -нің 204 бабы (белгіленбеген орындарда сауда жасау) 2 дерегі анықталып, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шара көрілді.

Іс-шара барысында кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар қала тұрғындарын ұрлықты алдын алуға өздерінің мүліктерін (велосипед, скутер, қоларба, т.б.) қараусыз қалдырмауларын, темір есік, темір тор, дабыл белгісін, бейнекамера орнату жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: