– Миы бос болмай үздіксіз жұмыс істеп тұрған кезде адам өзін ең бақытты және табысты сезінеді.
– Әйелдер киім дүкендерінде, сөрелерде және ілгіштерде бейберекет қойған, үйіліп қалған заттарға көп көңіл бөліп, оны қазғанды ұнатады. Бұдан да қызықты және жақсы нәрселер болады деп сенеді.
– Әйел бейтаныс еркекті 45 секундта бағалай алады. Ол бүкіл денесін 10 секунд, көзін 8 секунд, шашын 7 секунд, ерні мен иегін 10 секунд, иықтарын 5 секунд, саусақтарын 5 секундта қарап қорытынды жасап, сақинасы бар-жоғын да байқап үлгереді.
– Егер адам бір нәрсені есіне түсіруге тырысып, сол кезде сіздің көзіңізге көз алмай қарап тұрса, демек, ол адам нақты өтірік айтуға тырысуда.
– Қылмыс пен сыртқы көрініс тікелей байланысты. Қылмыскерлер адамдардың стандарттық өлшемімен қарағанда сиықсыздау болады. Сымбатты адамдардың қылмысқа араласуы өте сирек кездеседі.
– Егер адам жас кезінен қалаған нәрсесінен бас тарта алса, өмір қиындықтарын оңай жеңе алады.
– Адамның бір нәрсеге үйренуі 2 айдан аспайды. Бұл 66 күн деп саналады. Бұл уақыт кез келген әрекетті автоматты түрде жасауға немесе оған үйренуге жеткілікті.
– Егер сіз адамда сансыз достар болады деп ойласаңыз, қателесесіз. Адам өмір бойы тек 150 адамнан артық достаса алмайды.
– Егер сіз түнде бастырғылайтын болсаңыз, онда тоңып қалдыңыз деген сөз. Жатын бөлме неғұрлым суық болған сайын, соғұрлым бастырғыланып қалатынын ғылым дәлелдеген.
– Көңіл күй бұзылу, уайымға берілу секілді әртүрлі стрестен арылудың ең оңай, сенімді жолы – кітап оқу екенін әртүрлі зерттеулер дәлелдеген. Таза ауада серуендеу, шай немесе кофе ішу, музыка тыңдау, сыра ішу немесе ойын ойнау сияқты көңіл күйді көтеруге тырысқаннан гөрі кітап оқу бірнеше есе тиімді.
– Адам менталитетінің таңқаларлық қағидасы бар. Егер бір нәрседен тым жоғары нәтиже күтер болсаң, оның сәтсіздікке ұшырау ықтималдығы да көп болады.
– Адамдар көбіне бейтаныс жерлерде әдетте оң қолы жағына ұстанып, оң жағында тұрады. Егер кезекте көп уақыт тұрғыңыз келмесе, көпшіліктің ортасында қыстырылмай тұрғыңыз келсе, сол қол жағыңызды ұстаныңыз немесе сол жақта кезекте тұрыңыз.
– Спорт төрешілері қара киім киген командаларға көбіне айыппұл салатын ықтималдығы басым болады. Жарыстарға қатысу кезінде мұндайды білу маңызды. Дүниежүзілік баскетбол және футбол қауымдастықтары ойындарының тарихи фактілерін зерттеу арқылы бұл қорытынды дәлелденген көрінеді.
– Күніне 6-7 сағат ұйықтайтын адамдардың ерте өлу қаупі тәулігіне 8 сағат ұйықтайтындарға қарағанда төмен. 5 сағаттан аз ұйықтайтын адамдар 8-9 сағат ұйықтайтындарға қарағанда бірнеше есе көп ауырады.
– Көп армандаушылар неғұрлым іскер, креативті және әртүрлі мәселені шешуге қабілетті болады.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!