2024 жылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысымен Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібінің өсімі бойынша бірінші орында. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндады.
«Өңдеу өнеркәсібі жедел даму тенденциясын көрсетуде. Өндірістің өсу қарқыны 7,4 пайызға жоғарылады. Көрсеткіш өсімі 16 өңірде тіркелді, оның ішінде Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар», – деді Н.Байбазаров.
Мұнан бөлек, Үкімет басшысының орынбасары Қызылорда облысы негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша бірінші, құрылыс секторындағы өсім көрсеткіші бойынша екінші орында екеніне тоқталды.
Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар тапсырма беріп, қазіргі жоғары даму қарқынын сақтауды ескертті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!