Қызылорда облысы Сырдария ауданы Бесарық ауылындағы құс фабрикасының жеке ғимаратында өрт шықты.
Өрт жеке бір қабатты ғимаратта шыққан. Өрт төбеден басталып, 288 шаршы метр аумақты шарпыған. Адамдар арасында құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, бірақ қызыл жалын 4 мың бөдененің өмірін қиды.
«28 ақпанда сағат 04:37-де құс фабрикасының жеке бір қабатты ғимаратының төбесі 288 шаршы метр аумақты шарпыды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себептері анықталуда. Өрт 05.41-де оқшауланып, 06.12-де сөндірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамның 7 адамы мен 2 бірлік жедел әрекет ету техникасы жұмылдырылды», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!