Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көші-қон қызметкерлері бір аптада 8 заңбұзушылықты анықтады

12.02.2024, 13:37 174

Қала аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекенжайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Бір апта көлемінде 8 заң бұзушылық анықталды.

Нәтижесінде Көші-қон заңнамаларын бұзған ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 7 шетелдік анықталды.

Сонымен бірге ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамадарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 1 азаматына әкімшілік шаралар көрілді.

Осыған байланысты, аталған бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері нақты тапсырмалар бойынша тиісті ұйымдастырушылық шаралар қабылдауда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: