Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жұмысшы топ өкілдері шаруашылық басшыларымен кездесті

07.02.2024, 9:40 288

Бүгін Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев пен Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаевтың төрағалығымен 2024 жылғы суармалы судың жағдайын және орналастырылатын күріш егісі көлемдерін шаруашылық басшыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жұмысшы топ құрамымен мәжіліс өткізілді.

Мәжіліске бөлім және сала басшылары, шаруашылық қожалық басшылары мен өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкіндігін атап өтіп, су қоймаларына күрделі жөндеу, каналдарды жаңғыртып, цифрлық тәсілмен бақылауға алуды, судың «көлеңкелі» нарығын жоюды және суды барынша үнемдеу шараларын тапсырды. Бүгінде «Шардара» су қоймасына өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырмалы түрде алғанда 2 млрд. текше метрге аз жиналған. Сәйкесінше, вегетациялық кезеңде Сырдария өзені арқылы өңірімізге келетін су деңгейі төмен болады деп күтілуде.

Биыл ауданда 25 551 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру, оның ішінде суды көп қажет ететін күріш дақылын 12 820 гектарға егу жоспарланды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: